Ресейде «Единая Россия» партиясы атынан сайланған депутатты атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Розин елді мекенінің «Единая Россия» партиясы атынан сайланған депутаты Дмитрий Маткевичті Челябі облысы Коркино қаласында белгісіз біреу атып кетті, деп хабарлады «Газета.Ru» жергілікті Ura.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Ресейде «Единая Россия» партиясы атынан сайланған депутатты атып кетті

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қылмыскер Маткевичке оқ атып, ізін суытып үлгерген. Аяғынан, денесінен жараланған депутат №1 орталық ауруханаға жеткізілді.

Қылмыс депутаттың риелторлық қызметіне байланысты болуы мүмкін, деп хабарлады полиция.

Жергілікті полиция мұндай оқиғаның орын алғанын растады. РФ ҚК 318-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.