Ресейде Екатеринбург тұрғыны көшедегі елге оқ жаудырды
Ішкі істер министрлігінің Свердлов облысы бойынша баспасөз қызметінің бастығы Валерий Горелых ТАСС агенттігіне берген мәліметінде оқиға салдарынан қыз бен күзет қызметкері зардап шеккенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін полицияға Бородин көшесіндегі үйлердің бірінде оқ атылғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына дереу жедел әрекет ету тобы жетіп, маңайды қоршауға алды. Тұрғындардың бірі терезеден оқ атқаны белгілі болды. Садарынан қыз бала мен Росгвардия қызметкері жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетіледі», - деді Валерий Горелых.
Свердлов облысының Денсаулық сақтау министрлігі Төтенше жағдай салдарынан екі адамның оқ жарақатын алғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, ер адам №36 травматологиялық ауруханада орташа ауыр халде жатыр.
«Қыздың жағдайы өте ауыр, №9 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды», - деп толықтырды аймақтық Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Атыс болып жатқан үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Үйдің айналасы қоршалған. ТАСС тілшісі хабарлауынша, атыс қайта өршіген.