Ресейде экс-шенеунікке парақорлығы үшін рекордтық айыппұл тағайындалды

АСТАНА. 17 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресейде алғаш рет пара алуға қам жасағаны үшін экс-шенеунікке 950 миллион рубль көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Бұл туралы ресейлік ІІМ хабарлады.

Ресейде экс-шенеунікке парақорлығы үшін рекордтық айыппұл тағайындалды

Аса ірі көлемде пара алуға қам жасағаны үшін Мәскеу облысы Ленин ауданы әкімшілігі басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Лев Львовты айыпты деп таныған Мәскеу облыстық сотының үкімі заңды күшіне енді.

«Сот оған 950 миллион рубль көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады. Львовтың сыбайласы Игорь Комаров мемлекетке 500 миллион рубль төлеуі тиіс»,- делінген хабарламада. Львов құрылысшы компаниядан 500 мың доллар көлемінде пара бопсалағаны үшін айыпты болды.