Ресейде Францияның Әблязовқа қатысты шешімі жөнінде түсініктеме берілді
«Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы бұл шешімді айғақсыз әрі халықаралық құқық нормаларына сай емес, сондай-ақ француз соттарының бұрын қабылдаған шешімдеріне қарсы келеді деп есептейді», - деді мәлімдеді Ресей қадағалау органының өкілі Александр Куренной.
Александр Куреннойдың айтуынша, Франция мемлекеттік кеңесі Әблязовты қайтарып беру туралы сұрау Қазақстан мүддесіне бағытталған деп санайды-мыс. Ол бұндай шешімнің «қисынсыз» екенін тілге тиек ете отырып, қазақстандық олигарх, Қазақстанның бұрынғы энергетика, индустрия және сауда миниистрі Әбілязов Ресей аумағында да экономика саласы мен жеке меншікке қатысты бірқатар ауыр қылмыстар жасағанын, жалпы сомасы 5 миллиард доллардан астам қаржыға бағаланатын залал келтіргенін атап өтті.
Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Франция мемлекеттік кеңесінің шешімін саяси астары барлығын, жасалған қылмыс үшін бұлтартпас жаза беру ұстанымын бұзатын әрекет деп бағалауда. Үш жарым жылға жуық уақытқа созылған экстрадициялау үдерісі кезінде Әблязов пен оның адвокаттары тарапынан түрлі қитұрқы тәсілдер жасалып баққан.