Ресейде газ жарылып, көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  РФ Волгоград  облысында төрт қабатты үйде газ жарылып, кіреберістің бірі опырылып түсті, деп хабарлады ТАСС.

Ресейде газ жарылып, көпқабатты үйдің кіреберісі опырылып түсті

«Газ қызметтері жұмыс істеп жатқан төрт қабатты үйде жарылыс болды.   Үйден 13 адам шығарылды. Олар уақытша басқа жерге орналастырылды», - деді РФ ТЖМ Бас басқармасынан.

Агенттіктен үш кіреберістің қабатаралық жамылғысы бұзылғанын айтты, алдын ала дерек бойынша,  4-ші қабатқа дейінгі аралықта орналасқан 12 пәтер қираған.

Медицина орталығында, алдын ала дерек бойынша, жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, 8 адам жарақат алғанын хабарлады. Оқиға орнында өрт сөндіру, құтқару бөлімшелері жұмыс істеуде.