Ресейде халал индустриясының мамандары тапшы

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының ислам университетінде «Халал» жүйесіндегі стандарттау: теория және тәжірибе» курсынан өткендерге сертификат берілді.
None
None

Наурыздың 2-де басталып, бір аптаға созылған курсты Татарстан Мұсылмандар діни басқармасы мен Ресей Ислам университеті ұйымдастырды.

«Халал» комитетінің басшысы Марат Низамовтың айтуынша, Татарстанның халал индустриясында мамандар жоқтың қасы. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында аталмыш шараның қолға алынып отырғанын жеткізді.

muslim.kz сайтының жазуынша, курс барысында Ресейдегі және әлемдегі «Халал» индустриясынан мәлімет берілді.

Сондай-ақ, халал өнімдеріне қатысты құқықтық мәселелер мен халал азық-түлікті дайындау технологиясы да сөз болды. Гендік инженерия мен тағам қоспалары да назардан тыс қалмады.

Марат Назимовтың сөзіне қарағанда, әзірге Татарстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Халал» комитетіне қарасты кәсіпорындардың басшылары курстан өткен. Бұл халал азық-түлік түрлерін өндірушілердің тек бес пайызын ғана құрайды. «Халал» комитеті алдағы уақытта бұл шараның тұтас елді қамтитынын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар