Ресейде Ил-112В әскери жүк ұшағы апатқа ұшырады

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеу облысындағы Кубинка әуеайлағының жанында Ил-112В жаңа әскери-транспорттық ұшағы жаттығу мақсатындағы ұшу сапары кезінде апатқа ұшарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жаттығу мақсатындағы ұшу сапары кезінде Кубинка әуеайлағына қонуға жақындағанда орман алқабында Ил-112В жеңіл әскери-транспорттық ұшағы апатқа ұшырады», - делінген Бірлескен авиақұрылыс корпорациясының баспасөз қызметі хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Корпорация апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құратынын мәлімдеді.




Соңғы жаңалықтар