Ресейде iPhone 6 қымбаттайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Apple компаниясы 24 желтоқсанда Ресейдегі өз өнімінің бағасын көтереді, деп хабарлады Утро.ru IT-өнімді жеткізушілер арасындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, бұған валюталық нарықтағы тұрақсыздық пен рубль бағасының құлдырауы себеп болған.
Қараша айының соңында Apple Ресейде ресми түрде iPhone және iPad бағасын көтерді. iPhone 6 және iPhone 6 Plus жаңа смартфондары орташа алғанда шамамен 25% қымбаттайды.