Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер әйел Қазақстан шекарасында ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Ресейде іздеуде жүрген қылмыскер әйел Қазақстан шекарасында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары Ресейде іздеуде жүрген қылмыскерді құрықтады.

«Криминалдық полиция басқармасы, Шемонаиха аудандық ПБ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында 41 жастағы әйелді анықтады. Ресей Федерациясының тұрғыны республиканың мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, ресейлік әйел өткен жылдың қыркүйек айынан бері РФ құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. 2021 жылдың қазан-қараша айлары аралығында жалға алынған тұрғын үйдің мүлкін ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта әйел адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Прокуратурамен бірге оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.


Соңғы жаңалықтар