Ресейде кафедегі даяшыны атып жаралаған күдікті қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде, Санкт-Петербор қаласындағы кафелердің бірінде қонақтардың бірі даяшыны атып, жаралады, деп жазады ТАСС.

Ресейде кафедегі даяшыны атып жаралаған күдікті қолға түсті

Санкт-Петербор қаласы бойынша ІІМ Мемлекеттік басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы даяшы қазір ауруханада жатыр. Оған травматикалық тапаншадан оқ атқан күдікті көп ұзамай қолға түсті. Оның кавказдық екені анықталды. Күдіктінің тапаншаны ұстауға рұқсат қағазы болмаған. Қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.