Ресейде кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасады деген күдікті Қазақстан азаматы емес - СІМ
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ресейдің Нижний Новгород облысында кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған адам Қазақстан азаматы емес.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Оның мәліметтерінше, ұсталған күдіктінің туу туралы куәлігінде оның Қазақстанда туылғандығы көрсетілген. «Нижний Новгород облысының Тергеу басқармасы басшылығының деректеріне қарағанда, Балахнинск ауданаралық тергеу бөлімінің қызметкері ұсталған күдіктінің «Қазақстанда туды» деген куәлігін көріп, ол Қазақстан азаматы деген байлам жасаған»,-деді ресми өкіл.