Ресейде Қазақстанның екі азаматы пара бермек болғаны үшін, ал бір азамат қыз зормалақ болғаны үшін ұсталды - СІМ

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
«Қазақстанның бір азаматы әйел зорламақшы болғаны үшін және автокөлік тонауға оқталғанына байланысты Чувашия тергеу органдарымен ұсталған болатын. Бізге келіп түскен Чебоксары қаласы бойынша тергеу бөлімінің ақпаратына сүйенсек, қылмыстық іс 01.09.1978 жылы туған Қазақстанның азаматына қатысты қозғалған. Азамат өз кінәсін толық мойындап отыр», - дейді ресми өкіл.
Бұдан бөлек, Қазақстанның тағы екі азаматы Таганрог портының қызметкеріне пара бермекші болғанда ұсталған. «Қазақстанның екі азаматы Әбуханов пен Өтегеновқа қатысты Оңтүстік көлік прокуратурасымен қылмыстық іс қозғалуына орай біз ресейлік тарапқа қылмыстық іске қатысты сұрау жолдадық. Ресей ішкі істер органдарының жауабы түскен сәтте қосымша ақпарат беріледі», - дейді А. Әбибуллаев.