Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ресейде кісі өлтірген қылмыскер Қазақстанда алты жыл жасырынып жүрген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам өлтіргені үшін халықаралық іздеуде жүрген РФ Түмен облысының тұрғыны Қазақстанда алты жыл жасырынып келген. Бұл туралы megatyumen.ru хабарлайды.

Ресейде кісі өлтірген қылмыскер Қазақстанда алты жыл жасырынып жүрген

Полицейлер 45 жастағы Түмен облысы тұрғынының үстінен қозғалған қылмыстық істің тергеу жұмыстарын аяқтаған. Оған айып сырттай тағылған.

Тергеу анықтағандай, 2010 жылы шілде айында, ол бұрынғы әйелімен бірге тұрып жатқан азаматты өлтірген. Ол Упорово ауылында орналасқан үйге кіріп, ұйықтап жатқан азаматтың басынан доғал затпен бірнеше рет ұрған. Алынған жарақаттың салдарынан ер кісі көз жұмады. Күдікті оқиға орнынан ізін суытады. Кейіннен Түмен облысынан мүлдем қашып кетеді.

Түмен облыстық тергеу комитеті хабарлағандай, жеткілікті дәлелдемелер жиналған. Айыптауды бекіту мақсатында қылмыстық іс прокурорға жіберілді, кейіннен сотқа өтеді.