Ресейде көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат - Ресейдің Ярославль қаласындағы 10 қабатты тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Он қабатты үйдің 4-қабатында тұрмыстық газ жарылған. Апат салдарынан бір адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен.

«Жарылыс салдарынан үшінші, төртінші, бесінші қабаттардың ара жабындысы қираған», - деп мәлім етті шұғыл қызмет өкілі.

Қазір апаттан зардап шеккендер туралы мәлімет толықтырылып жатыр. Тұрғын үйде 190 пәтер бар. Шұғыл қызмет өкілдері тұрғындарды қауіпсіз жерге шығаруға кірісті.

«Сағат 19:29-де оқыс оқиға туралы хабарланған. Сонда келіп жеткен құтқарушылар 10-қабатты үйдің үшінші қабаттынан бесінші қабатына дейін опырылып түскенін көрген», - деп мәлім етті елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында 103 құтқарушы мен 29 техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, үйінді астынан бір әйел мен бала іздестіріліп жатыр.


Фото/Светлана Сергеева-ТАСС


Соңғы жаңалықтар
telegram