10:11, 28 Мамыр 2016 | GMT +5
Ресейде қордың топ-менеджерін тінту кезінде 100 млн рубль мен сегіз көлік табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен Сібір федералды округі бойынша Ресей қоры басқармасы басшысының орынбасары Илгиз Гарифуллиннің үйін тінту кезінде 100 миллион рубль (Ұлттық банк бағамы бойынша 508 млн теңге - агенттік) мен сирек кездесетін қарулардың жиынтығы табылды, деп жазады nsk.kp.ru сайты.

Сонымен қатар, шенеуніктің құны қымбат сегіз көлік иесі екені анықталды. Көліктердің ішінде Porsche Panamera мен Toyota Land Cruiser бар.