07:41, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Ресейде көрмеге ғана қойылатын Lada XRay автомобилінің нұсқасын ұрлап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тольятти қаласының Автозауыт аудандық полициясы 17 мамырдағы ұрлыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Сол күні ресейлік көлік шығарушы «АвтоВАЗ» кәсіпорынының аумағынан қара түсті тек қана көрмеге қойылатын Lada XRay автомобилінің нұсқасы қолды болған. Күзетілетін аумақтағы концепт нұсқаның ұрлануына қатысты құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастаған.
Кәсіпорын полицияға шағымды бір күннен кейін ғана берген.