13:06, 18 Тамыз 2021 | GMT +5
Ресейде коронавирус инфекциясына қарсы тағы бір препарат әзірленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейде коронавирустық инфекцияға қарсы тағы бір препарат әзірленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Роспотребнадзор басшысы Анна Попова COVID-19-ға қарсы бесінші вакцинаның пайда болғанын жариялады. Новосибирсктегі «Вектор» ғылыми орталығы «Эпиваккорон-Н» COVID-19 вакцинасын тіркеуге құжаттар тапсырды. Препарат жақын арада тіркеледі деп күтілуде.
«Қазір Ресейде «Спутник V», «ЭпиВакКорона», «КовиВак» және қайта иммундау үшін ұсынылатын «Спутник Light» вакциналары қолданылады.