Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандар 93 558 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 100 мыңға жуықтады

Бір тәулікте Ресейдің 83 өңірінде коронавирусты жұқтырған тағы 6 411 адам анықталды. Қазіргі таңда Ресейде бұл вирусты 93 558 адам жұқтырған, осылайша Ирандағы көрсеткіштен асып, дүниежүзі бойынша сегізінші орында тұр.

Бұған қоса, Ресейде бір тәулікте пандемия басталғалы ең көп өлім-жітім тіркелді — 72 адам. Жалпы қауіпті індеттің салдарынан 867 адам көз жұмып, 1 110 адам вирусты жеңіп, сауығып шыққан.