Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 210 мыңға жуықтады

None
None
РЕСЕЙ. ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 210 мыңға жуықтады. Украинада 15 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«Ресейде коронавирусты жұқтырған тағы 11 012 адам анықталды. Вирусты жұқтырған адамдардың жалпы саны 209 688-ді құрап отыр. COVID-19-дан тағы 2 390 адам жазылып шықты. Жалпы жазылып шыққандар саны — 34 306. Коронавирус инфекциясынан 1 915 адам көз жұмды», - делінген ақпаратта.

Украинада індетті жұқтырудың жаңадан 522 жағдайы тіркелген. Осылайша, науқастардың жалпы 15 232 адамға жетіп отыр. «Бұған қоса, тағы 15 адам көз жұмған. Қайтыс болғандар саны — 391, жазылып шықты - 3 060 адам», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар