Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 253 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейде коронавирус  жұқтырғандар саны 253 адамға жетті

Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдің тоғыз өңірінде 54 жаңа жағдай тіркелген.

Қазіргі кезде 12 адам інденттен жазылып шыққан.

Еске салсақ, Мәскеу қаласында жаңа типтегі коронавирус диагнозы расталған егде жастағы әйел көз жұмғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.