Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны азайды
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей Федерациясында коронавирус жұқтырғандар саны азайды және коронавирустың үшінші толқыны жоқ. Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Коронавирустың үшінші толқын жоқ. Жалпы елде ауру азайып келеді, тек әр аймақ пандемиядан әр түрлі шығады», – деді Михаил Мурашко.
Бұған дейін Мурашко Ресейде пандемияның үшінші толқынын болмайтын болжамын, бірақ COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырған болатын.