Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп, әлемде төртінші орынға көтерілді

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС- ҚазАқпарат – Ресей коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны жағынан әлем бойынша төртінші орынға қайта жоғарлады. 13 шілдедегі жағдай бойынша, Ресейде вирусқа шалдыққан 5,833 млн адам тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған рейтингте Ресей вирусты 5,820 млн адам жұқтырған Франциядан озып түскен.

Соңғы бірнеше күнде Ресейде вирус жұқтырудың 24 мыңнан астам оқиғасы анықталды, Францияда ауру жұқтыру қарқыны төмендеу. Соңғы тәулікте вирусқа шалдыққан 7 мыңға жуық адам тіркелген», - деп жазады ТАСС.

Рейтингте 33,9 млн оқиға тіркелген АҚШ көш бастап тұрса, екінші орында Үндістан тұр (30,9 млн), ал «үштікті» Бразилия елі (19,2 млн) жапты.

Еске салсақ, Ресейде коронавирустан көз жұмған адамдардың тәуліктік көрсеткіші рекорд орнатып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар