Ресейде қоян-қолтық ұрыстан өткен халықаралық турнирде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы ІІ орынды олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Голицын қаласында Федеральды шекара қызметінің базасында қоян-қолтық ұрыстан батыр шекарашыларды еске алуға арналған ХХІ халықаралық турнир болып өтті.
None
None

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Бес күнге созылған турнир ҚР ҰҚК мен ТМД елдерінің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 2014 жылға арналған халықаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізілді.

Аталған спорт шарасына РФ мен ТМД елдерінің құқыққорғау, күш құрылымдары және басқа да ведомстволарынан құралған 28 құрама команда қатынасты.

Турнир қорытындысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы ІІ орынды жеңіп алды, алдарына тек РФ Жазаны өтеу қызметінің командасын ғана жіберді.

Жеке есеп бойынша айтар болсақ, қазақстандық шекарашылар 9 салмақ санаты бойынша бір алтын, екі күміс, бір қола медаль иемденді. Ал 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша І орынды ҚР ҰҚК Шекара академиясының арнаулы тактикалық факультетінің оқытушысы сержант Берік Шыналиев иеленді. 90 келіге дейінгі салмақта ІІ орынды ҚР ҰҚК ШҚ 2020 әскери бөлімінің «Сарыағаш» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушысы сержант Нұрбол Тұрсынбаев еншіледі, ал осы аталған бөлімшенің аға сержанты Рахымжан Сұлтанов 90 келіден жоғары салмақта ІІ орынды жеңіп алды. Ал 80 келіге дейінгі салмақта ҚР ҰҚК ШҚ 2029 әскери бөлімінің сержанты Темірлан Исханғалиев ІІІ орынды қанағат тұтты.

Құрама командалар бойынша есепте ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің шекара ведомстволарының арасында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрамасы үш бірдей бірінші орынды, төрт бірдей екінші орынды, екі бірдей үшінші орынды иеленді.

Алдағы кезде қазақстандық шекарашы спортшылар Атырау қаласында өтетін «Динамо» орталық кеңесінің чемпионатына қатысатын болады.

Соңғы жаңалықтар