Ресейде қоймадағы жарылыстан 52 адам зардап шекті, 12 адам іздестірілуде
МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – РФ Мәскеу облысы Сергиев Посад қаласындағы жарылыстан 52 адам зардап шегіп, 12 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
Бұған дейін 9 адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын.
«Нақты мәлімет бойынша, 12 адамның тағдыры белгісіз болып отыр. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді агенттік дереккөзі.
Жарылыс кеше Сергиев Посадта «Пиро-Росс» компаниясының пиротехника қоймасында болды. Алғашқыда 40-қа жуық адам зардап шеккені туралы хабарланған еді. Бүгінгі мәліметке сәйкес, медициналық көмекке 52 адам жүгінген, 8-і стационарда жатыр.