Ресейде Кубаньдағы қайғылы оқиғалар мен ресейлік автобустың Украинада жол апатына ұшырауына байланысты аза тұту күні жарияланды
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейде Кубаньдағы қайғылы оқиғалар мен ресейлік азаматтар отырған автобустың Украинада жол-көлік оқиғасына ұшырауына байланысты аза тұту күні жарияланды.
Сәйкес жарлыққа ел Президенті Владимир Путин қол қойды.
Ресейдің бүкіл аумағында, сондай-ақ елдің шекара сыртындағы өкілдіктерінде мемлекеттік тулар түсіріледі. Мәдениет мекемелері мен мемлекеттік телеарналарға көңіл көтерушілік сипаттағы бағдарламаларды көрсетуге тыйым салынады.
Тасқын салдарынан қаза тапқандардың саны өсуде. Соңғы мәліметтер бойынша 171 адам мерт болды. Олардың көбі - Қырым ауданының тұрғындары.