Ресейде құндыздар жолды бұзды деп айыпталуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Новгород облысының Волтовский ауданында құндыздар жолдың бұзылуына себепші болған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар департаментіне сілтеме жасай отырып жергілікті жаңалықтар сайты хабарлады.
Департамент хабарламасында айтылғандай, құндыздардың суды бөгеуі салдарынан «Волот - Жизлино» және «Волот - Верехново» жолдарын су басып қалған. Су алып кеткен жол көлік жүргізушілерінің жүруіне кдерге жасауда.
Табиғи ресурстар департаменті тас жол маңында құндыздардың санын азайтуды қолға алмақ. 31 қазанға дейін аңшылар олардың көзін жоя бастайды.