Ресейде құны 50 мың долларлық «императордың селфи-таяғы» сатылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде ауқатты адамдарға арналған зергерлік «селфи-таяқ» сатылуда, оны француздың OUVRI компаниясы жасаған.

Ресейде құны 50 мың долларлық «императордың селфи-таяғы» сатылуда

tech.onliner.by сайтының жазуына қарағанда, Наполеон III пен оның жұбайы Евгенияның аты берілген императорлық моноподтың құны 2,5 мыңнан басталып 49 мың долларға шейін тұрады.

Қымбат моноподты француз суретшісі Инна Битон жобалаған, әрі ол 2,2 карат бриллиантпен безендірілген. Оның сыртқы пішіні Францияның соңғы монархы Наполеон III-тің тәжіне ұқсатылып жасалған. Аса қымбат моноподтың бағасы 49 мың доллардан асады. Ол көк бұзаудың терісімен қапталып, 925-ші сынамалы күміс және сары алтынмен безендірілген.