Ресейде құтқарушылар елдімекенде аю кездесіп қалуы мүмкін екендігін ескертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярск өлкесінің ТЖМ басқарма бастығы Валерий Терешков ТВК телеарнасында  өңірдің бес ауданында аю кездесіп қалу қаупі бар екендігін мәлім етті.
None
None

Қала маңындағы Удачный кентінде, Плодово-ягодная стансасында, Сопки маңайында, Гремячая грива ауданында және «Столба» қорығында аю кездесуі мүмкін. Плодово-ягодная стансасында қонжықтары бар кірекей (ұрғашы аю - авт.) салынып жатқан үйден жүз метр жерде байқалған. Тағы бір аюды Лесной көшесінде жүрген.

Бұдан бұрын құтқарушылар жыртқышты байқағандар туралы мәлімет таратқан. 31 тамыз күні Солтүстік Енисей  ауданында қала сыртындағы тасжолға қонжық шыққан. Жүргізушілер оған попкорн мен тәтті қою сүт берген.

Бірнеше күн бұрын Красноярск өлкесі Енисей ауданы Подтёсово кентінде полиция қызметкері адамдарға шабуыл жасаған аюды атып өлтірген еді. Жыртқышты аулаға кіріп, қойды жеп жатқан кезде атылған.

Қала көшелерінде аюлардың жүруі туралы ақпарат тамыз айында Ресейдің көптеген өңірлерінен келіп түскен. Иркутск облысы Жигаловский ауданында аю геологиялық барлау тобына шабуыл жасап, бір адам қаза тапқан. Бірнеше сағат өткеннен кейін жыртқышты аңшылар тауып өлтірді. 

Соңғы жаңалықтар