Ресейде қыз зорлап, адам өлтірген қазақстандық жазасын өз Отанында өтейтін болды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейде қыз зорлап, кісі өлтірген қазақстандық жазасын өз Отанында өтейтін болды.
Бұл туралы бүгін Жоғарғы Соттың ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті.
РФ-ның сотымен ол қыз зорлап, кісі өлтіргені үшін жазаны қатаң режімдегі түзеу колониясында өтеумен 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді. Кейін оны елге экстрадициялау бойынша Ақмола облыстық сотында Бас Прокурордың ұсынысы қаралды. О. Петерстің сөзіне қарағанда, ол ұсыныс қанағаттандырған.
Республика соттарымен шет мемлекеттердің үкімдерін орындау туралы ұсыныстары қаралуда. Жалпы 2011 жылы республика бойынша соттармен барлығы 36 ұсыныс қаралған, ал ағымдағы жылдың І тоқсанында 6 ұсыныс қаралды.
Барлық ұсыныстар қанағаттандырылған. Шет елдерде сотталған қазақстандық азаматтар жазаларын енді өз Отанында өтейді.