Ресейде мамырдың 9-ы күні өтетін әскери парадтарға 100 мыңнан астам адам қатысады - РФ Қорғаныс министрі А.Сердюков

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Мәскеуде және Ресейдің басқа қалаларында мамырдың 9-ында өтетін әскери парадтар мен салтанатты шерулерге 102 мыңнан астам адам қатысады, деп мәлім етті РФ Қорғаныс министрі Анатолий Сердюков «Российская газета» басылымына берген сұхбатында.
None
None

Министрдің айтуынша, Мәскеу парадына құрғақта жүретін 161 бірлік техника және 127 ұшу аппараты қатысады.

Егер мамырдың 9-ы күні ауа райы жайсыз болса, парадтың авиациялық бөлігі қысқартылмақ -127 ұшақ пен тікұшақтың орнына 96 машина ғана қатысатын болады. Қалай болғанда да, ұшқыштар авиациялық парадтың негізгі нұсқасына да, қысқартылған нұсқасына да дайын, деп атап көрсетті министр.

А.Сердюковтың айтуынша, мамырдың 9-ы күні Ресей айлақтарына шетелдік әскери кемелер достық сапарымен келеді: Мурманск айлағына - француз эсминеці, Владивосток айлағына - АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемесі, ал Санкт-Петерборға - американдық фрегат кіреді.

Сауалдарға жауап берген А.Сердюков, парадтар мен салтанатты шерулер барлық қалада бір уақытта басталатынын хабарлады. Сол уақытта Мәскеуден жоғарғы бас қолбасшының сөзі де тікелей трансляцияланатын болады. Отшашу жергілікті уақыт 22.00-де басталады, деді РФ Қорғаныс министрі.

Соңғы жаңалықтар