Ресейде мемлекеттік қызметшілер мен заң шығарушылардың табысына бақылау күшейтіліп жатыр

МӘСКЕУ.KAZINFORM - Ресей Мемлекеттік Думасы бірқатар заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес, елде мемлекеттік қызметшілер мен заң шығарушылардың табысы, шығысы және мүлкіне бақылау енді тұрақты түрде жүзеге асырылатын болады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

мемқызметші
Фото: freepik.com

Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес аталған санаттағы тұлғалардың материалдық жағдайы тұрақты негізде бақылауда болады.

Заң жобасы мемлекеттік қызметшілерді жыл сайын табыс декларациясын тапсыру міндетінен босатады. Лауазымды тұлғалардың ақшалай қаражаты мен өзге де мүлкін бақылау үздіксіз жүргізілетін болады.

Қазіргі заманғы цифрлық мүмкіндіктер толық ақпаратты үздіксіз режимде алуға жол ашады. Барлық мәлімет мемлекеттік ақпараттық жүйе (МАЖ) – «Посейдон» арқылы талдана алады (ол РФ президентінің 2022 жылғы жарлығымен енгізілген). Бұл қолданыстағы жыл сайынғы бақылау жүйесінен бас тартуға мүмкіндік береді.

Міндетті декларациялау нақты негіздер туындаған жағдайда сақталады. Атап айтқанда, егер лауазымды тұлға, оның жұбайы және кәмелетке толмаған балаларының (заңдағы жаңалық – балалар табысын отбасының жалпы табысына қосу) үш жылдық жиынтық табысынан асатын сомаға мәміле жасалса. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке қабылданғанда, бір билік органынан екіншісіне ауысқанда немесе федералдық кадрлық резервке енгізілген кезде де декларация тапсыру талап етіледі.

Бұған дейін Ресей халықаралық қоңырауларға тыйым салуды жоспарлап отырғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар