Ресейде мұнай 40 жылға жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ табиғи ресурстар басшысы Сергей Донской Ресейде сұйық көмірсутектер 40 жыл өндіруге жетеді, деп санайды. Бұл туралы ол «Вестиге» сұхбатында айтты, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Елде геологиялық барлау бұрыннан жүргізіліп келеді жоғары болашағы бар ірі кеніштердің жаңадан ашылуы екіталай, деді министр.

Бүгінде Арктикамен, Шығыс Сібірмен, солтүстік аумақтармен байланысты жерлерді барлаудың болашағы зор. Донскойдың айтуынша, бұлардың бәрін әлі де зерделеу қажет.

Табиғи ресурстар министрі Ресей мұнай мен газ қорларын «жеп қойып» жатқан жоқ, деп атап өтті. Оның айтуынша, жыл сайынғы өндірілген көмірсутектердің орнын ашылған кеніштердің қорлары толықтыруда.

Ол сондай-ақ ресейлік компаниялар геологиялық барлауға инвестициялар 2015 жылы 370 млрд.-тан 325 млрд. рубльге азайып кеткеніне ренішін білдірді.

«Жер қойнауын пайдаланушылардың барлық секторлары бойынша бағаның төмендеуіне байланысты компаниялар өз саясатын қайта қарайды, олар ең алдымен, тезірек қайтарым беретін жерлерге ғана инвестициялар салады, бұдан келіп геологиялық барлау жұмыстары жапа шегеді», - деді Табиғат қорлары министрі.

Фото: Nikolay Gyngazov/ Global Look

Соңғы жаңалықтар