Ресейде оқу жылының басталуын 1 қазанға ауыстыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - РЛДП-дан Мемлекеттік дума депутаттары Алексей Диденко, Михаил Дегтярев және Егор Анисимов Ресейде оқу жылының басталуын 1 қыркүйектен 1 қазанға ауыстыруды ұсынады, деп хабарлады Би-би-си.

Ресейде оқу жылының басталуын 1 қазанға ауыстыруы мүмкін

Заң жобасы төменгі палатаның құжаттар базасына орналастырылған.

Заң жоасына түсіндірме хатта оқу жылының басталуы уақытын ауыстыру «балалардың жылдың жылы кезінде көбірек демалуына, сондай-ақ мемлекеттің туристік қызметтен кірістерін ұлғайтуға» мүмкіндік береді деген уәж келтірілген. Депутаттар сондай-ақ халықаралық тәжірибеге сілтеме жасайды.

2015 жылғы қыркүйекте Ресей Президенті Владимир Путин үкіметке оқу жылы басталуының «өзгермелі» болуын қарауды тапсырған болатын.

Қарашада вице-премьер Ольга Голодец үкімет бұл идеяны қабылдамағанын мәлім етті.

Оның айтуынша, әлеуметтік сауалдама мұндай реформаға ата-аналар мен мұғалімдер қарсы екенін көрсетті.