Ресейде оң жақ рульді автокөліктерге тыйым салынбайды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат - РФ Өнеркәсіп және сауда министрлігі жүргізушілердің қарсы пікірін естіп, доңғалақты көлік құралдары қауіпсіздігі туралы техникалық регламентке өзгертулер дайындауға кірісті. Басты түзету - оң жақ рульді көлікке тыйымды алып тастау.

Ресейде оң жақ рульді автокөліктерге тыйым салынбайды

Өнеркәсіп және сауда министрлігі тыйым салуға әлі ерте екенін мойындады, деп жазады Вести. Ру.

Құқық қорғаушылармен әңгімелесу кезінде Өнеркәсіп және сауда министрлігі Автокөлік өнеркәсібі департаментінің директоры Алексей Рахманов автокөлік жүргізушілеріне жаңа техникалық регламент жобасында қарастырылған, Ресей аумағында ғана емес, бірыңғай экономикалық кеңістікте, оның ішінде Беларус пен Қазақстанда оң жақ рульді көліктерге тыйым салу мәслесіне енді алаңдамай-ақ қойса да болатынын мәлімдеді, деп жазады "Российская газета".