Ресейде өндірілген ірімшікте және сүт өнімдерінде ішек таяқшалары табылды

Астана қаласында «Magnum» супермаркетінде іріктеп алынған сынамаларды зерттеу нәтижелері бойынша: Алтай өңірі, Рубцовск қаласы «Вимм-Билль-Данн» ААҚ өндірген «Ламбер» 50 пайыздық ірімшігінде ішек таяқшалары тобының бактериялары анықталды. Орлов облысы, Верховье кенті «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Сливочки сгущенные с сахаром Славянские» 19 пайыздық құрамында сүт бар қойылтылған, қант, өсімдік майы қосылған өнімінде, сондай-ақ «Главпродукт» 8,5 пайыздық қант қосылып қойылтылған, қаймағы алынбаған сүтте мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдер мөлшерінің жоғарғы болуы анықталды.
Алматы облысында Омбы қаласы «Вимм-Биль-Данн» ААҚ өндірген «Домик в деревне» 2,5 пайыздық сүтінің сынамасында және Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы «Вимм-Биль-Данн» ААҚ өндірген «Домик в деревне» 3,2 пайыздық сүтінің сынамасында құрғақ майсыздандырылған сүт қалдығының төмен мөлшері анықталды, сынамалар Талдықорған қаласындағы «Сити Плюс» СОСО-да іріктеп алынған.
Қызылорда облысында физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша мынадай өнімдерде сәйкессіздік анықталды: Орлов облысы «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген Главпродукт «Столичная» қант қосылған қойылтылған сүтте, сынамалар «SMALL» сауда үйінен алынған; Ступино қаласы «Кампина» ЖШҚ өндірген «Сливочное лакомство Фруттис» 5%, банан-бүлдірген йогурт өнімінде, сынамалар Қызылорда қаласындағы «Аль-Асад» сауда үйінен алынған, Орлов облысы, Верховье кенті «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Юбилейная» қант қосылған қойылтылған сүтінде, «Птичье молоко» қойылтылған сүтінде, «Славянские» Главпродукт қант қосылған қойылтылған сүтінде, сынамалар Қызылорда қаласындағы «RetialA-A» ЖШС-нің «Аль-Асад» сауда үйінен алынған.
Техникалық регламенттер талаптарын барынша көп бұзу мына сүт өнімдерінде анықталды: «Вимм-Билль-Данн» ААҚ, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ, «Компания Юнимилк» ААҚ, «Данон Индустрия» АҚ, «Бішкексүт» ААҚ.
Комитеттің аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда объектілеріндегі, сонымен бірге жеткізушілердің қоймаларындағы жоғарыда көрсетілген сәйкес келмейтін өнімдерді айналымнан алу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының сауда кәсіпорындарынан 2 тонна 529 литр сүт өнімдері алынды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.