Ресейде орман өрті құрбандарының саны 53 адамға жетті
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Ресейдегі орман өрттерінің құрбандарының саны 53 адамға жетті. Бұл туралы РФ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ал барлығы 806 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 706 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Барлық уақытша орналастыру нүктелерінде медициналық қосындар ашылған, медициналық қызметкерлер күн-түн демей кезекшілік атқарып жатыр. Өрт ошақтарында да жедел медициналық көмек бригадалары кезекшілік атқаруда.
Бүгінгі таңда Ресейдің 22 субъектінде орман өртеніп жатыр.