Ресейде ойыншықтар дүкені жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тюмень қаласындағы RichFamily ойыншықтар дүкенінен өрт шықты. Тілсіз жау 3 мың шаршы метр аумақты шарпыды, деп жазады ТАСС Тюмень облысының ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт туралы хабарлама сағат 00.02-те түскен. «Жалынның шығу себептері мен шығын көлемі анықталу үстінде. Эвакуация жұмыстары жүргізілген жоқ және ешкім зардап шекпеген», деп хабарлады баспасөз қызметінен.
ТЖМ және куәгерлер деректеріне сәйкес, дүкеннің шатыры құлап, ғимарат толығымен жанып кеткен. Дүкенде 40 мыңнан астам тауар болған.
«Өрт шалған аумақ 3 мың шаршы метрді құрайды. Өртті толықтай сөндірдік. Дүкен ғимараты тұтасымен отқа оранған. Өрт сөндіру жұмыстары толығымен аяқталған соң ғимаратты тексеру, өрттің шығу себептерін анықтау жұмыстары басталады», - дейді ТЖМ өкілі Юрий Юсько.
Фото: tass.ru