Ресейде өзбекстандықтар топ болып төбелесті

Россияда ўзбекистонликлар оммавий муштлашди
Фото: видеодан алынған скрин

Мәліметтерге сәйкес, олар асханада тамақ күтіп тұрған кезде жанжалдасып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bugun.uz сайтына сілтеме жасап.

Мәскеудің Свиблово ауданындағы құрылыс алаңында 30-дан астам Өзбекстан азаматы төбелесіп қалды.

Мигранттар тіпті арматура қолданған. Салдарынан екі адам ауыр жарақат алып, дәрігерге жүгінген.

Белгілі болғандай, төбелеске жергілікті мейрамханадағы кезек себеп болған.

Барлығы аш болғандықтан ешкім бір-біріне кезек бергісі келмеген.

Төбелесті полиция тоқтатты. Олар 35 өзбек, бір түрік және бір орысты тұтқындаған.

Төбелеске қатысқан тағы бірнеше адам іздестіріліп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар