Ресейде өзіне қол жұмсауды насихаттаған «ВКонтакте» желісіндегі 8 топқа тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын бақылау жөніндегі федералдық қызметі (Рескомбақылау) «ВКонтакте» желісіндегі «суицидті насихаттаған» 8 топқа тыйым салды, деп хабарлады Ведомство басшысы Александр Жаров. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
««Рескомбақылауға» суицидті насихаттаған 11 бейресми топ туралы ақпарат келіп түсті. Қазір сегіз парақшаға тыйым салынды, үшеуіне Ресей тұтынушылар бақылауы органы сараптама жүргізуде», - деді Жаров.
Оның айтуынша, тыйым салынбай тұрған үш топты ашып, жүргізіп отырғандар ақпараттарды өшіріп үлгерген.