Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде жетінші шақырылымдағы Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Сайлауда ресейліктер парламенттің төменгі палатасының құрамын жасақтайды, деп хабарлады ТАСС.
Ресей Конституциясына сәйкес, Мемлекеттік дума 450 депутаттан тұрады. Жаңа думалық құрам аралас жүйемен - 225 депутат пропорциялық жүйе (партиялық тізім бойынша) және 225 бір мандаттық округ бойынша сайланады.
РФ географиялық аумағына (үлкен болғанына) байланысты дауыс беру бір тәуліктен асады: Бірінші сайлау учаскелері Камчатка мен Чукоткада жергілікті уақытпен сағат 8:00-де, ал Ресей аумағындағы соңғысы Мәскеу уақытымен сағат 21:00 батыстағы өңірде - Калининград облысында жабылады. Бұл кезде елдің шығыс бөлігінің тұрғындары үшін 19 қыркүйек.