Ресейде пластикалық ота кезінде 25 жастағы әйел қайтыс болды
АСТАНА. 19 мамыр. ҚазАқпарат - Ресейдің Магнитогорск қаласында пластикалық ота жасату кезінде 25 жастағы әйел қайтыс болды. Төсін үлкейту бойынша ота жасалып жатқан кезде ол есеңгіреп қалыпты.
Вести.ru хабарлағандай, көз жұмған әйел жыл бойы ота жасату үшін тапқан-таянғанын жиған екен. Төсін үлкейту отасы қала емханаларының бірінде жасалыпты. Алайда отаны жасау барысында әйелдің жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлердің айтуынша, әйел «миорелаксант» дәрісіне аллергиялық реакцияның салдарынан қайтыс болыпты. Ол бұлшық еттерді босаңсытып, рефлекстік белсенділікті болдырмау үшін қолданылады екен. Алайда сауалнаманы толтырғанда әйел қандай да бір дәріге аллергиясы жоқ екенін көрсеткен.
Енді бұл іске Челябі облысының тергеу комитеті араласатын болды. Қайтыс болған әйелдің кішкентай баласы бар көрінеді, деп жазды 1tv.kz.