Ресейде полковниктің үйінен 124 млн доллар тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеушілер Ресей ІІМ Экономикалық қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бас басқармасы «Т» басқармасының басшысының орынбасары Дмитрий Захарченконың үйін тінтіді. Полковниктің үйінен 8 млрд рубльге тең валюта (шамамен 124,6 млн доллар немесе 42,1 млрд теңге) табылған, деп хабарлайды ресейлік РИА Новости агенттігі.

Ресейде полковниктің үйінен 124 млн доллар тәркіленді

«Полковник Захарченконы тінту жақында аяқталды. Бастапқы санақ бойынша одан рубльге шаққанда 8 млрд болатын ірі сомадағы доллар тәркіленді», - деді агенттікке ақпарат беруші.

«Барлық байлығы белгісіз. Тек үйдегі қолма-қол ақша ғана тәркіленді, оның тағы да қандай активтері бар екенін анықтау бағытында іс жүргізілуде», - деді ол.