Ресейде пойыздың 8 вагоны рельстен шығып кетті: зардап шеккендер бар

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға ЖКО салдарынан болған, деп жазады ТАСС.

Ресей
Фото: видеодан кадр

Жедел қызмет зардап шеккендер бар екенін хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ЖКО салдарынан Қазан-Адлер пойызының сегіз вагоны рельстен шығып кетті, олардың бір бөлігі аударылып қалған. Зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны әзірге белгісіз», - деді агенттіктің сұхбаттасушысы.

Оның айтуынша, жолаушылар вагондардан өздері шыққан. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге жергілікті жерде көмек көрсетіледі немесе ауруханаларға жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар