Ресейде психиатриялық ауруханадан өрт шығып, 38 адам қаза тапты
АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мәскеу түбіндегі Раменский кентіндегі психиатриялық ауруханадан өрт шықты, деп хабарлады РБК.
Өртену кезінде 38 адам қаза тапты, деп мәлімдеді РБК Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Олег Салагай. Бұрын Мәскеу облысы бойынша ҚІІБ ресми өкілі Геннадий Богачевтің мәліметінше, құрбан болғандар - 36.
Қазіргі сәтте өрт сөндірілді, өртену ауданы 420 шаршы метрді құрады. ТЖД мәліметтері бойынша, 12 қаза тапқан адамның мүрдесі табылды. ТЖ орнына Мәскеу облысы губернаторының м.а. Андрей Воробьев келіп жетті.
"Бұл орны толмас қайғы. Қолымыздан келгенше қаза тапқандардың туыстары мен зардап шеккендерге жәрдемдесеміз. Қазір біз үшін ең бастысы - болған оқиға себептерінің басын ашу", - деп жеткізеді А.Воробьевтың сөзін "Ресей" телеарнасы.
ТЖ орнында ТЖМ 110 қызметкері және ІІМ 45 қызметкері жұмыс істеуде, 30 техника жұмылдырылды.