Ресейде сегіз жасөспірім моншада өртеніп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 желтоқсанда Ресейдің Ханты-Мансы автономиялық округі Сургут ауданында кәмелет жасқа толмаған 8 бала саяжайдағы моншада өртеніп кетті, деп хабарлады ресейлік БАҚ.

Ресейде сегіз жасөспірім моншада өртеніп кетті

Ол құрдастарының бірінің туған күнін тойлаған. Барлығы түсіп жатқан моншада кенет белгісіз себептен өрт шығып балаларға иіс тиген.

Бастапқыда алты адамның қаза тапқаны хабарланған, кейін өрт орнынан тағы екі адамның мүрдесі табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.