Ресейде сегізінші қабаттан құлаған мас әйел тірі қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Владивосток қаласының тұрғыны 8-ші қабаттан құлап, тірі қалды, деп хабарлады «РИА Новости» агенттігі.

РФ ІІМ-нің қалалық басқармасы өкілінің хабарлауынша, жексенбі күні алкогольді ішімдікке мас болған әйел Сельская көшесіндегі үйдің сегізінші қабатындағы терезенің алдында темекі шегіп отырып, құлап кеткен. Ол аман қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Полиция аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Көршілер де сұралатын болады», - деді ведомсвто өкілі.

Бұл Владивостоктағы бірінші жағдай емес көрінеді. ІІМ-нің қалалық басқармасының хабарлауынша, 2012 жылы ер адам тұрғын үйдің 20-шы қабатынан құлап, тірі қалған. Ол жол талғамайтын көліктің үстіне құлап, аман қалған.

Соңғы жаңалықтар
telegram