Ресейде шағын автобус апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде шағын автобус жүк көлігіне соқтығысып, 14 адам қаза тапты. Оның ішінде жасөспірім ер бала да бар, деп хабарлайды ТАСС.

Ресейде шағын автобус апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты

«Екі адамның денесі автобустан шығарылды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың ішінде 17 жастағы жеткіншек бар. Одан бөлек 5 адам жапа шекті, оның үшеуі - бала» делінген хабарламада.

Жарақат алғандардың бірі - 14 жасар қыз бала. Ол ауруханаға жатқызылған, алайда жағдайы тым ауыр.

Жапа шеккен қалған жолаушылардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.