Ресейде шағын ұшақ құлап, ұшқыш мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Солтүстік Кавказ аймақтық Төтенше жағдайлар министрлігі орталығының хабарлауынша, «Зодиак» жеңіл моторлы ұшағы Георгиевский ауданы Незлобный станицасы маңында апатқа ұшырап, оны басқарған ұшқыш оқиға орнында қаза тапты деп хабарлады, rg.ru.

Ресейде шағын ұшақ құлап, ұшқыш мерт болды

Оқиға бүгін түсте, сағат 14-00 шамасында болған. Ұшақ Незлобная әуежайынан 2 шақырым қашықта құлаған. Өртеніп кеткен ұшақты сөндіруге 29 адам, 12 техника жұмылдырылды.