Ресейде шошқа тұмауына қарсы вакцина жасалды

МӘСКЕУ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат – Ресейде А (H1N1) жаңа тұмауына қарсы вакцина жақында әзір болады.

Ресейде шошқа тұмауына қарсы вакцина жасалды
Бұл туралы бүгін Екатеринбор қаласында орналасқан Органикалық синтез институтының ғылыми жетекшісі Олег Чупахин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Вирусқа қарсы тұруда аурудың өзін емдеуді ұмытпау қажет, деді ол. Чупахин вакциналау кезінде вирустың әлсіз штаммы егілетінін еске салды. Сондықтан да иммунитеті нашар адамдар ауруы мүмкін.