Ресейде Шығыстың жазба мәдениетін оқытатын бөлім ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ресей академиялық шығыстануының 200 жылдығына орай Қазан федералдық университетінде Шығыстың жазба мәдениеті кафедрасы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат TWESCO сайтына сілтеме жасап.

Ресейде Шығыстың жазба мәдениетін оқытатын бөлім ашылады

Ресей Ғылым академиясының Шығыс қолжазбалары институты жанынан ашылатын кафедра өз жұмысын биылғы қыркүйек айында бастайды деп жоспарланып отыр.

Мамандардың айтуынша, кафедрада шығыстану саласының үздік оқытушылары мен зерттеушілері дәріс беретіндіктен ғалымдар және студенттерге ізденуге үлкен мүмкіндік ашылады. Сонымен қатар, кафедрадан мамандар өз біліктіліктерін арттыра алады.